|
Сириядағы соғыстан қанша бала көктей солды?
|
Соғыс басталған 2011 жылдың наурыз айынан бері Сирияда 26 мыңнан аса бала көктей солған. Бұл жайында сириялық құқық қорғау ұйымының баяндамасында (SNHR) айтылған. Аталған ұйым жасаған баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, 2011 жылдан бері бала құқығының бұзылуы бойынша Сирия әлемде бірінші орынды бермей келеді. Табаны күректей жеті жылға таяп қалған атыс-шабыс пен қарулы қақтығыстан 1 378 мектеп пен балалар бақшасы жермен-жексен болған. 3,2 млн бала білім алу мүмкіндігінен айырылған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бүгінгі таңда әлем бойынша әскери жанжалдан 8,5 млн бала зардап шегіп отыр. Олардың 6 млн-ы – сириялық жеткіншектер. Бұл дүниежүзілік балалар құқығын қорғаумен шұғылданатын ЮНИСЕФ келтірген мәлімет.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды
■
Араб еліндегі тоқыма бұйымдар қалдығын өңдеу жобасы 30 мыңнан аса жұмыс орнының ашылуына себеп болмақ