Солтүстік Корея “студенттік визаны” желеу етіп, жыл сайын еңбек мигранттары арқылы 800 млн долларға дейін пайда тауып отыр
Солтүстік Корея “студенттік визаны” желеу етіп, жыл сайын еңбек мигранттары арқылы 800 млн долларға дейін пайда тауып отыр
39 минут бұрын 50 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Солтүстік Корея билігі Қытай мен Ресейді қоса алғанда әлемнің кем дегенде 17 еліне 100 мыңға дейін еңбек мирантын атандырып, жыл сайын 800 млн долларға дейін табыс тауып отыр. . Бұл жайында islam.kz порталы The Chosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 11 ел, соның ішінде Оңтүстік Корея, Америка құрама штаттары және Жапония атсалысқан Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларын бұзу және одан жалтару фактілеріне мониторинг жүргізу үшін құрған көп ұлтты санкциялар мониторингі (MSMT) тобы осындай дерек келтіріп отыр. Есепке сәйкес қазіргі уақытта Солтүстік Кореяның кем дегенде 35 600 ~ 101 280 жұмысшысы кем дегенде 17 елде тұрады. 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Корея тұрғындары үшін БҰҰ-ға мүше мемлекеттер ішіндегі кіріс қызметіне тыйым салды және 2019 жылға қарай олардың барлығын Солтүстік Кореяға қайтаруға пәрмен берді. Алайда, БҰҰ-ның бұл жарғысы да айтылған жерде аяқсыз қалды. Солтүстік Корея мигранттарының көп бөлігі Қытайда: қытай резиденттерінің арасында солтүстік кореялық азаматтар қарасы көп  - 20 000 ~ 70 000, олар негізінен қарапайым өңдеу және IT сияқты еңбекке жарамды салаларда, Лионин және Жилин провинциялары сияқты шекара маңындағы аймақтарда жұмыс істейді. Әсіресе, Украинаға басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан Ресейге «оқу визасымен» бүркемелеп, еңбек мигранттарының ең көп бөлігін жібереді. Солтүстік Корейдің еңбек мигранттары Ресейдегі қару-жарақ шығаратын, соның ішінде дрон құрастыратын зауыттарда жұмыс істеп жүр. Биылдың өзінде, яғни, 2026 жылы Солтүстік Корея Ресейге 36 мың жұмысшысын аттандырған. Ресейдің бір ғана дрон құрастыру зауыттарында 25 мың Солтүстік Корей азаматтары еңбек етіп жатыр. Қалғаны Владивосток, Хабаровск және Сахалин сияқты Қиыр Шығыс өңірлерінде құрылыс, қосалқы мердігерлік және ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Маман тапшылығынан зардап шеккен Ресей компаниялары да Солтүстік Кореяның арзан жұмысшы күшіне мұқтаж. Ресей студенттік виза бойынша табысты қызметке рұқсат беру үшін өзінің ішкі заңдарына түзетулер енгізді және 2025 жылы Солтүстік Кореяға берілген визалардың 98% -дан астамы студенттік. Дрондар мен қару-жарақ зауыттарына, металлургиялық кәсіпорындар мен «Алабужаның экономикалық арнайы аймағындағы» кеме жасау кешендеріне жіберілген солтүстіккореялық жұмысшылардың көпшілігі де студенттік визамен келген. Қытай мен Ресейден басқа, солтүстік кореялық жұмысшылар Оңтүстік-Шығыс Азияда, Орталық Азияда және Африкада да кездеседі: олар медицина, құрылыс, IT, өндіріс немесе солтүстік кореялық мейрамханаларда жұмыс істейді. Солтүстік Корея режимі шетелдегі еңбек мигранттарының тапқан табысының 90%-на дейін мемлекет үлесі деген желеумен тәркілейды. Тіпті, солтүстіккореялық еңбек мигранттарынан тәркіленген қаражат тапан табыстан асып түседі. Солтүстік Корея мигранттарының көбісі қарызға өмір сүреді.

0 пікір
Мұрағат