|
Соңғы уақытта әйелінен зорлық-зомбылық көретін ерлер қарасы артып келеді
|
Соңғы уақытта Қырғызстанда әйелінен жәбір көрген және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен ер-азаматтар қарасы артып келеді. Бұл жайында айыр қалпақты ағайындардың «Кабар» ақпарат көзі қаңтар айының 17-і күні аталған елдің ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Ұлан Рысбековке сілтеме жасай отырып хабар таратты. «Күйеуін ұратын әрі отбасы мүшелерін соққыға жығатын әйелдер бар. Олар ерін үйден қуып шығуға дейін барады»,- деп мәлімдеді құқық қорғау органының өкілі. Осылай дей келе ол өткен жылы әйелінен зардап шегуші ер-азаматтарды әйелдерінің ықтимал шабуылынан күзету үшін 393 ордер берілгенін мәлім етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті