|
STRIX тилтроторлық ұшақ алғашқы рет ұшты (видео)
|
Ұлыбританияның бетке ұстар әрі ең ірі BAE Systems қорғаныс компаниясы STRIX - тігінен ұшып әуеге көтерілетін және тігінен жерге қонатын (VTOL) ұшақтарының жаңа түрі екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ең алдымен әскери мақсатта қолдануға арналған STRIX өткен жылдың ақпан айында Австралияның Avalon Air Show авиасалонында жұртшылық назарына ұсынылды. Автономды (дербес жұмыс істейтін немесе қозғалатын) және алысқа ұша алатын ұшақ алғаш рет көкке көтерілді. STRIX-тің өндірістік нұсқасы гибридті қозғалтқышпен жабдықталады, ол 800 шақырымға дейінгі қашықтыққа салмағы 160 келі тартатын жүкті тасымалдауға мүмкіндік береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
3D-принтерде басылған көздің мөлдір қабығы зағип пациенттің көру қабілетін қалпына келтірді (видео)
■
Әлемде алғаш рет биологиялық тұрғыдан ыдырайтын (шіритін) саңырауқұлақтан табыт жасалды
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
Обыр жасушаларын жоюдың тиімді әдісі табылды