Су кремациясы - Ұлыбританияда жерлеудің жаңа түрі енгізілмекші
Су кремациясы - Ұлыбританияда жерлеудің жаңа түрі енгізілмекші
10 ай бұрын 1472 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биыл, дәлірегі, 2023 жылдың соңына таман Ұлыбритания адам мәйітін жерлеудің тың тәсілін қолданады. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жерлеу жоралғысы сілтімен өңделген, 160 градусқа ысытылған суға мәйітті ыдырату процесін қамтиды. Сілтілі суда адамның тек қаңқасы ғана қалады. Содан соң оны уатып, ұнтаққа айналдырады. Яғни, су кремациясында мәйітті жүннен тоқылған жамылғыға орап, жүгері крахмалынан жасалған «био қапқа» салады. Содан кейін оны 95% су және құрамында калия гидроксиді бар жабық камераға салып, шамамен 160 градус температураға дейін қыздырады. Төрт сағаттан кейін қаңқадан басқаның бәрі еріп, сұйықтыққа айналады. Дегенмен, адамды ақтық сапарға шығарып салудың мұндай әдісі бұрыннан бар десе де болады: АҚШ-тың кей штаттары мен Канадада және Оңтүстік Африкада қолданылып келеді. Ұлыбританияда жерлеудің бұл процесі әзірге белгілі бір шектеумен жүзеге асырылады. Қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізу үшін. Мысалы, экологиялық жағынан зияны барын немесе жоғын тексеріп көреді. Кремацияның бұл түрін жақтаушылар аталмыш әдістің қоршаған ортаға зиянсыз екенін алға тартады. Кәдімгі кремация кезінде, яғни, мәйітті өртеу барысында атмосфераға 245 келі көміртек бөлінеді, бұл көрсеткіш Ұлыбританияда жылына 115 150 тоннаны құрайды. Мәйітті өртеу кезіндегі энергия шығыны 65 мың үй шаруашылығының электр қуатына тең екенін айта кету керек. Осы тұрғы да, өзіміз тарапымыздан айтқымыз келетіні - топырақтан келдік, топыраққа қайтуымыз керек. Адамның денесі арулап топыраққа берілгенде ғана құрметтелген болады, әрідесе қоршаған ортаға да пайдалы. Ал, бейнебір қоқысты өртегендей өртке беру немесе су кремациясына ұшырату - бұл адам денесіне жасалған құрметсіздік болмақ, мұндай әдеттер - әруақты сыйлаған мұсылман қазаққа жат қылық. 

Ұқсас  материалдар:

"Еврейлер көне жерлеу рәсіміне оралуы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/evreiler-kone-jerleu-rasimine-oraluy-mumkin-17403/#gsc.tab=0);

"Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат етілді" (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-maiitin-tynaitqyshqa-ainaldyruga-ruqsat-etildi-16921/#gsc.tab=0);

«Мұсылманша жерлеу кремацияға және табытқа қарағанда экологиялық жағынан ең зиянсызы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/musylmansha-jerleu-krematsiyaga-jane-tabytqa-qaraganda-ekologiyalyq-jagynan-en-ziyansyzy-bolyp-shyqty-14306/#gsc.tab=0);

«Экологиялық «жасыл жерлеу» трендке айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ekologiyalyq-jasyl-jerleu-trendke-ainaldy-12743/#gsc.tab=0);

«Адам мәйіті тыңайтқышқа айналдырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-maiiti-tynaitqyshqa-ainaldyrylady-11885/#gsc.tab=0);

«Жалға берілетін экологиялық зират ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jalga-beriletin-ekologiyalyq-zirat-ashyldy-15853/#gsc.tab=0);

«Мәйітке қатысты мәжбүрлік» (https://islam.kz/kk/news/alem/maiitke-qatysty-majburlik-13208/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат