Су тапшылығы ширек ғасырдан соң жаһандық азық-түлік тапшылығына ұласады
|

Сарапшылар ширек ғасырдан соң су тапшылығынан бүгінгі мөлшермен есептегенде азық-түліктің жартысынан астамы кемиді. Яғни, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнеді. Бұл жайында islam.kz порталы Рhys.org мерзімді басылымынаа сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Су ресурсын үнемдеу жөніндегі ғаламдық комиссияның (GCEW) бұл тараптағы баяндамасында келтірілген дерекке сәйкес 3 млрд адам тұратын әрі азық-түлік өндірісінің жартысынан астамы өндірілетін аймақта су тапшылығы орын алады. Климат дағдарысына байланысты. Сондай-ақ, 2050 жылға таман табысы жоғары елдердегі жалпы ішкі өнім мөлшері орташа есеппен алғанда 8%-ға, ал табысы төмен елдерде 15%-ға кемиді. Осылайша әлемдік экономика су айналымының бұзылуынан орасан зор зардап шегетін болады. Осындай төніп келе жатқан немесе құрғақшылық пен қуаңшылық түрінде көрініс тапқан қатерге байланысты мемлекет басшыларын су қоймаларының құрылысы мен инфрақұрылымына және суды үнемдеуге мүмкіндік беретін өзге де жобаларға қаражат тарту секілді кешенді іс-шараларды қабылдауға шақырып отыр. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығындағы су ресурсын молынан қажет ететін жобалардан бас тарта отырып, неғұрлым суды аз тұтынатын, дәлірегі, шөлге төзімді дәнді дақылдарға субсидия қарастыру керек. Бұл тарапта азық-түлік бағасы мен су ресурсы шығыны арасындағы теңдіктің сақталуы маңызды.




