Сынған сүйекті үш минутта жазатын желім пайда болды
Сынған сүйекті үш минутта жазатын желім пайда болды
3 ай бұрын 983 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары сүйекті бар-жоғы үш минутта бүтіндейтін немесе сынған жерін қалпына келтіретін инновациялық, медициналық желім әзірлеу арқылы ортопедияда орасан зор жетістікке жетті. Бұл жайында islam.kz порталы Mint ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сүйек адгезибін жасауға талпыныс сонау 1940-шы жылдары басталған еді. Алайда, сол кездегі желатин, эпоксидті шайыр және акрилат негізінде әзірленген гелді организм жатырқап, биологиялық тұрғыдан сәйкес келмеп еді. Осы күнгі сүйек цементі мен басқа да заттар шынайы адгезив емес – материалды беткі жақтан жабыстыру арқылы сүйектің бітуіне ықпал ететін заттардан тұрады. Бұл тарапта биоинженерлер ұлудың кез келген заттың беткі жағына жабыса алатын қабілетін ескере отырып, яғни, табиғаттағы тетіктің әсерімен жаңа желімның ерекше құрылымын жасай алған. Білікті қытай мамандарының қолынан шыққан Bone-02 желімі, тіпті, қан тоқтамаған кезде де тиімділігін танытты. Мұндай субстанция сүйектің жазылуына қарай біртіндеп сіңеді, осылайша имплантты алып тастау бойынша екінші отаны қажет етпейді. Желімнің қимыл-қозғалыстағы беріктігі 0,5 МПа-ны құраған. Бүгінде аталған желім 150-ден пациент бойында сынақтан сәтті өтті. Мұндай инвазивті емес (яғни, сынған сүйекке жету үшін етті тіліп, арнайы имплантты енгізуді ұйрағатын әдеттегі емге қарағанда) әдіс ота арқылы организмге енуі мүмкін инфекциялық қауіпті төмендетеді әрі емдеу уақытын көп қысқарту,а мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат