|
Тағы бір ел эконикасына инвестиция құйған тұлғаларға азаматтық беретін болды
|
Аргентина экономикасына инвестиция тартудың кейінгі кезде кей елдерде енгізіліп жатқан әдісін қолданатын болды. Дәлірегі, инвестицияға азаматтықты айырбастайтын болады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Латын Америкадағы аталған елдің төлқұжаты 350 мың доллар тұрады. Яғни, осынша қаржыны Аргентикан экономикасына құйсаңыз, азаматтық береді. Бағдарламаны Аргентина экономика министрі Луис Капуто ресми іске қосты. Ол «екі қарапайым және ашық тетікті» ұсынады. Біріншісі - қлттық қазынаға 350 000 доллар мөлшерiнде тiкелей қайтарып алмайтын жарна енгiзу, ал екіншісі - осы бағдарлама үшiн құрылған 800 000 доллар сомасына мемлекеттiк облигациялар сатып алу. Азаматтыққа өтініш 2026 жылдың төртінші тоқсанынан бастап қабылданады. Негізгі өтініш берушінің жұбайы немесе зайыбы, сондай-ақ, балалары да құжаттарды бере алады. Бұл жағдайда ересектер үшін азаматтық 100 000 доллар, ал 18 жасқа толмағандар үшін - 25 000 доллар тұрады. 46 млн халқы бар Аргентина да Түркия секілді экономикалық дағдарыстан көз ашпай келе жатқан мемлекет. Түркия сияқты инвестиция үшін азаматтық ұсыну тәсілін қолдануға мәжбүр. Осы орайда Аргентина инвестиция үшін азаматтығын беруге көшкен елдердің қатарын толықтырды.