|
Тағы бір мұсылман елі Илон Масктің чат-ботына тыйым салды
|
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында Индонезияның Илок Маск иелік ететін Х әлеуметтік желісі мен Grok чат-ботына анайы контенті үшін тыйым салғаны турасында хабарлаған едік (қараңыз: Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады). Енді аталған оңтүстік-шығыс Азиядағы көрші ел билігі де Илон Масктың чат-ботын қолдануға тыйым салды – жасанды зерде көмегімен анайы контент жасайтындығы үшін. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арнайы реттеуші әрі қызрыл орган аталмыш платформаның қауіпсіздігі сын көтермейтіндігін алға тартып отыр. Малайзия билігінің мұндай шешімі Grok чат-ботының бейне жасау функциясы пайдаланушыларға қарапайым мәтіндік кеңестер арқылы әйелдер мен балалардың жалаңаш фото-суретін алуға мүмкіндік беретіні белгілі болғаннан кейін қабылданған. Өткен аптада Индонезия әлемде осындай құралға қол жеткізуден бас тартқан алғашқы ел болды.