|
Тәжікстан тұшшы су көзінің 30 пайызынан айырылып қалды
|
Тәжікстан билігі ел тұрғындарын Сарез көлінің су қорын тиімді әрі үнемдеп пайдалануға үндеп жатыр. Дәлірегі, Тәжікстан президенті Емомали Рахмонов Аралды сақтау халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кездесуінде осындай мәлімдеме жасады. Климаттың өзгеруіне байланысты Тәжікстан соңғы он жыл ішінде ел аумағындағы мұздақтың 30%-дан астамынан айырылып қалған. Сондай-ақ, ол су ресурсын басқарудың қалыптасқан құрылымын өзгертудің уақыты келгенін алға тартты. Оның айтуынша, суды пайдаланудың экономикалық тетіктерін жасап, суды үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларға көшу керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды