«Талибан Ислам Әмірлігінің қылмыстық ережелері» төмендегідей:
«Талибан Ислам Әмірлігінің қылмыстық ережелері» төмендегідей:
2 сағат бұрын 45
1. Бидғатты таратып, насихаттаған адам — 10 жылға бас бостандығынан айырылады.
2. Мұғалім оқушыны ұрып, соның салдарынан сүйегі сынған жағдайда — қызметінен босатылады.
3. Ата-анаға құрметсіздік көрсету — 10 дүре соғу және 5 айға қамау.
4. Егер күйеу әйелін көгеру не сүйек сындыру деңгейінде ұрса — 15 тәулікке қамау.
5. Бір мұсылманды «кәпір», «пасық», «жексұрын» деп атау — 45 тәулікке қамау.
6. Махрам емес адаммен қарым-қатынас (тию, қол алысу, құшақтау) — 1 жылға қамау.
7. Рамазан айында оразаны әдейі бұзу — 20 дүре және 2 айға қамау.
8. Адам ұрлау — 10 жылға қамау, ал егер жәбірленушіні өлтірсе — өлім жазасы.
9. Адам саудасы: бірінші рет — 1 жыл, екінші рет — 2 жыл, үшінші рет — 3 жылға қамау.
10. Есірткі заттарын сату — 5 жылға қамау.
11. Судья үкімді себепсіз кешіктірсе — 10 тәулікке қамау, ал үкімді қалжыңмен шығарса — 3 айға қамау.
12. Жалған куәлік беру — 40 дүре соғу.
13. Пара берген де, алған да — 1 жылға қамау, делдал — 6 айға қамау.
14. (Түнгі басқосуларға әуес жастарға назар аудару үшін)
Би билеуші де, көрермен де — 2 айға қамау.
15. Ливат — 2 жылға қамау, ал әдетке айналса — өлім жазасы.
16. Адам ағзаларын сатып алу-сату — 1 жылға қамау.
17. Құмар ойын ойнау — 4 айға қамау.
18. Жануарларды төбелестіру — 5 айға қамау.
19. Қару-жарақ сатып алу-сату — 1 жылдан 2 жылға дейін қамау.
20. Қолтаңбаны қолдан жасау — 3 жылға қамау.
21. Есірткі заттарын контрабандалау — 1 жылдан 7 жылға дейін қамау.

Дерек көзі: Facebook (Діни жаңалықтар)

0 пікір
Мұрағат