Тәліптер белсенді әрекетке көшкен
Тәліптер белсенді әрекетке көшкен
7 жыл бұрын 4039

Соңғы он айдың ішінде өздерін Ауғанстанды шетел басқыншыларынан азат етуші қозғалыс санайтын, соған қарамастан өзге мемлекеттерде лаңкестік ұйым атанып кеткен тәліптер он айдың ішінде ел аумағында 19 мыңнан аса шабуыл жасаған екен. Үкімет жасақтарына. Осы аталған мерзім аралығында ұлттық қауіпсіздік күштері содырларға қарсы 700 әскери операция өткізген. Мұндай әскери операциялар белгілі бір дәрежеде мемлекет қазынасына салмақ салып, шығынды қажет етеді. Бір жағынан, қауіпсіздік күштерінің тәліптерге қарсы әскери іс-қимылдарының салыстырмалы түрде аз болуын осымен де түсіндіруге болады. Екіншіден, геосаяси алаңға айналған ауған жерінде тәліптердің әрекетін жергілікті тұрғындар айыптай да бермейді. Себеп? Жат жұрттықтардан азат етуші деп біледі. "Арнайы операциялар нәтижесінде 2021 содыр мен 365 дала командирі көз жұмды",- деді Ауғанстанның қорғаныс министрінің ресми өкілі Дәулет Уәзірі. Айта кетейік, соңғы уақытта бұл елде жағдай шиеленісіп барады. Ауғанстанның ұсақ елді-мекендерін бақылауда ұстайтын тәліптер ендігі жерде аса ірі қалаларға жиі шабуылдайтын болған. Бұған қоса, Сирия мен Ирак жерін қан қақсатып келген содырлармен де қақтығысып қалуда. 

0 пікір
Мұрағат