|
Татарлар тәуелсіздігін талап етіп, көшеге шықты
|
Кеше, яғни, маусым айының 26-ы күні Қазан қаласында татарлар 1552 жылы Иван Грозныйдың басқыншы әскерінен Қазан қаласын қасық қаны қалғанша қорғаған қаһарман бабаларын еске алып, шеруге шықты. Аталған акцияға қатысқандар Татарстан республикасына толық тәуелсіздік беру талап етілген қарар қабылдады. "Новая газета" мерзімді басылымы хабарлағандай, Бүкіл татарлық қоғамдық орталығының мұндай акцияны өткізуге сонау қайта құру кезеңінен бері рұқсаты бар болып шықты. Белсенділер татар тілінде білім берудің өзі мұңға айналып бара жатқанын, мұсылмандарды терреорист етіп көрсету арқылы түрлі желеумен қудалаудың қарқын алғанын және Мәскеудің империялық кеудемсоқтығының асқынып бара жатқанын ашына жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді