Татарлар ұлт болмысын сақтап қалуға көмектесетін бірегей жобаны қолға алды
Татарлар ұлт болмысын сақтап қалуға көмектесетін бірегей жобаны қолға алды
1 ай бұрын 899 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: tatar-today

Татарстан билігі жаһандану дәуірінде мәдениеттер экспанциясына төтеп берудің құралы тілі екенін тағы бір қадамымен дәлелдеп берді: әр халықтың қайталанбайтын қолтаңбасы іспетті, саусақ ізі секілді өзіне тән, ұлттық болмысының айнасы тәрізді құндылықтарының бірін - татар есімдерін сақтау әрі таныту мақсатында ауқымды жобаны қолға алды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш республиканың министрлер кабинетінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі басқармасында талқыланған бастама болашақ ата-аналарға қолайлы онлайн қызметті ұсынуды ұйғарады. Татарстанның Ғалымжан Ыбырайымов атындағы тіл, әдебиет және өнер институтының директоры Ілгіз Халықов бұл жобаны цифрлы өнімге айналдыруға күш салатынын мәлімдеді. Тіпті, есімдерді дәріптеу әрі сақтау жобасына Татарстанның ғылым академиясы атсалысып, мұндай сервисті мемлекеттік қызметтер порталына енгізбек. Мұның бәрі ұлттық болмысты сақтап қалу үшін аатқарылып жатыр. Перзент сүйген ата-аналар баласына есім таңдауда әр есімнің мағынасына үңіле алады.

0 пікір
Мұрағат