|
Таяу болашақта ең көп инвестиция салынатын сала аталды
|
Алдағы бес жылда деректер орталығына салынатын инвестиция мөлшері кем дегенде 3 трлн долларға жетпек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Moody’s талдау агенттігі келтірген мәліметке жөн сілтеген Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл қыруар қаражат жасанды зердеге деген сұранысты қағанаттандыруға жұмсалады, сонымен қатар, серверлерге, есептеу құралдары мен құрылғыларына, энергия жүйесіне кететін шығындарды қамтиды. Moody’s сарапшыларының топшылауынша, осынау көл-көсір инвестицияның едәуір бөлігін технологиялық компаниялар құяды. Биылдың өзінде Microsoft, Amazon, Alphabet, Oracle, Meta, Platforms және CoreWeave компаниялары деректер орталығының дамуына жалпы алғанда шамамен 500 млрд доллар құяды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады