|
Таяу шығыс пен Солтүстік Африка бойынша кобальтты ең көп тұтынатын ел белгілі болды
|
Марокко кобальт өнеркәсібі брйынша аймақта көш бастады: өткен жылы күллі Таяу шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттері арасында бірінші позицияға шыққан. 2024 жылы осы өңірдегі (Солтүстік Африка мен Таяу шығыс) кобальтты тұтытудағы Марокконың үлесі – 91 пайызға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Indexbox есебінде келтірілген дерекке жөн сілтей отырып мәлімм етеді. Марокконың ұлттық деңгейдегі биылғы сұранысы 234 мың тоннаға жеткен. Осылайша 23 мың тоннасын тұтынған Оманның өзін артқа тастаған. Марокконың нарығы 1,9 млрд долларға жеткен, ал Омандікі – 525 млн доллардан аспады. Марокконың бұл бағыттағы үстемдігі ең алдымен кобальтпен байланысты өндірістік салалардың ұлғаюымен байланысты, соның ішінде элмектрмен жүретін көліктен бастап электронды бұйымдарға дейінгі өндіріс жанданып келеді. Жан басына шаққанда кобальтты тұтынудан марокколықтардың үлесі – 6,1 келіден айналады, ал омандықтар – 4,2 келі. Осылайша кобальт Марокконың ұлттық стратегиясындағы маңызы зор металға айналған.