Таяу Шығыстағы ең танымал оңтүстік азиялық тауар белгілі болды
|

Корейлердің жылдам әзірленетін ашшы кеспесі мен тұздығына Таяу Шығыста да биыл сұраныс күрт артқан. Дәлірегі, Samyang компаниясының Buldak және Nongshim компаниясының Shin Ramyun рамені аталған аймақта корей дәміне деген сұранысты арттырған. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме джасай отырып мәлім етеді. Корей аграрлық балық аулау және азық-түлік саудасы корпорациясының (aT) дерегі бойынша Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдеріне Кореяның аграрлық азық-түлік өнімдерінің экспорты қаңтар-сәуір айларында 89,8 млн долларға жетті, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,2% -ға артық. Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығының құрамына енетін Бахрейн, Кувейт, Оман, Катар, Саудия және Біріккен Араб әмірлігінің халық саны жалпы алғанда 60 млн-ға жуық. Аталған аймақтағы әр тұрғынның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі шамамен 36 000 долларды құрайды. Парсы шығанағы елдеріндегі тұрғындардың 21,5%-нан астамы 14 жастан кіші. БАӘ-де кәріс тұздықтарының арасында кочужан, доенджанг және соя соусы сияқты ферменттелген өнімдердің тұрақты өсуі байқалады. Соя тұздығының экспорты өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,2%, доенджанга - 56%, ал кочужана - 20,7% -ға ұлғайды. Бұл үрдіс Біріккен Араб Әмірліктерінде осы жылы төрттен алтыға дейін өскен жоғары тағамдық корей мейрамханаларының санының өсуіне байланысты. Таяу Шығыста корей тамақ өнімдеріне сұраныстың артуына қарай корей компанияларының жергілікті стандарттарды ескеріп, халал сертификаттауға ерекше көңіл бөледі. Samyang 2021 жылы БАӘ-де орналасқан Sarya General Trading дистрибьюторымен серіктестіктің арқасында өңірлік нарыққа шықты. Өткен жылы компания Таяу Шығыста шамамен 50 млрд вонға өз өнімдерін сатқаны туралы хабарлады. Nongshim компаниясы 2011 жылдан бастап Пусандағы өз зауытының бір бөлігін тек шариғат талаптары басшылыққа алынатын өндірістік желіні құрды. Shin Ramyun, Ansungtangmyun, Neoguri және Chapagetti сияқты өнімдер сол жерде экспортқа шығарылады. Халал нарығына бәсекелестеріне қарағанда кеш шыққан Otoki биыл Вьетнамдағы зауытында сертификатталған Jin Ramen халал өнімдер шығара бастады. Компания Индонезия нарығына енбекші, бұған қоса, Таяу Шығыс пен Африкадағы жаңа халал нарықтарына шығуды жоспарлап отыр.




