Таяу шығыстағы күн энергиясы бойынша жетекші елге айналған
Таяу шығыстағы күн энергиясы бойынша жетекші елге айналған
30 күн бұрын 845 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко тек Таяу шығыс аймағында ғана емес, сонымен қатар, Африка құрлығының солтүстік өңірінде күн энергиясы бойынша көш бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған өлкедегі экономикалық үдерістер мен үрдістерді зерделейтін әрі сараптайтын британиялық Bourse & Bazaar ұйымы келтірген дерекке жөн сілтеген en.hespress.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған араб елі жаңғыртпалы энергия көздеріне қатысты жобаларға, соның ішінде күн энергиясына инвестиция тарту орталығына айналған. Баяндамада Персия шығанағы елдерінен, соның ішінде Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестиция қоры, Әбу-Дабидегі Mubadala және Дубайдағы AMEA Power сияқты бірнеше ірі инвесторлар Мароккодағы күн энергиясы жобаларына іірі мөлшерде қаржы құйып жатқаны айтылған. Марокко билігі 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінен 52% электр энергиясын алу туралы алдына нақты мақсат қойды. Сонымен қатар, 2027 жылға дейін күн энергиясының қуатын 2,7 гигаватқа, ал 2028 жылға дейін 2,97 гигаватқа дейін арттыруды жоспарлауда.Марокконың күн энергиясы саласындағы күш-жігерінің ең жарқын мысалдарының біріне Нұр Уарзазат кешенін жтқызуға болады. Оның жалпы қуаты 580 мегаватт және үш кезең бойынша саудиялық ACWA Power компаниясынан инвестиция алды. Ал Біріккен Араб Әмірлігінің Masdar энергетикалық компаниясы Марокко аумағында әлі күнге дейін өз күн стансаларына ие болмаса да Марокконың электр энергетикасы кеңсесімен ынтымақтаса отырып, 19 000-нан астам отбасыны күн энергиясымен қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр. Бұдан бөлек, мароккалық жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген электр энергиясын суасты кабелі арқылы Ұлыбританияға жөнелту жоспарына қатысты ірі жоба қолға алынбақшы. Дегенмен, Марокканың бұл салада да қиындықтары жетерлік, атап айтқанда, инвесторлардан жергілікті жұмысшыларды жалдау, тіпті, жоғары технологиялы салаларға мароккалық мамандарды тарту талаптары жаңғыртпалы энергия көздеріне қатысты жобаларды жүзеге асырыруға өз кесірін тигізуі мүмкін. Өйткені, инвесторларға мұндай талаптар тиімсіз. Сол себепті, мұндай талаптар бұл бағыттағы келісімдердің құны мен шығынын арттыруы мүмкін. Ал Парсы шығанағының дәулетті елдері (Саудия, БАӘ) неге Марокканың жаңғыртпалы энергия көздеріне инвестиция салуға құштар деген сауалға келсек, ең алдымен климаттық және географиялық жағынан таза энергия өндіруге қолайлы Мароккада мұндай жобалар әлдеқайда арзанға түседі. Екіншіден, таза энергияны Еуропаға экспорттауға жақын. Арзанға түсетіні содан.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6