|
Тік құзда ұзақ тұрып қалған қой құтқарылды (видeо)
|
Жануарларды қорғау ұйымының құтқарушылары тік құздың ортасында қалған қойды аман алып шықты. Оқиға Ұлыбританияда тіркелді. Мамандардың айтуынша, Шопан ата түлегі мұнда бірнеше күн тұрған. Оны жергілікті тұрғындар байқапты. Бірақ жануардың биік жартасқа қалай тап болғанын әзірге ешкім түсіне алар емес. Оны құтқару операциясы бақандай бірнеше сағатқа созылды. Бұл істі жылдам жүзеге асыруға аяқ астынан төпелеген жаңбыр мен ауа райының күрт суытуы әжептәуір кедергі тудырған. Қойға ешқандай зақым келмеген, бірақ қатты ашығып қалыпты. Жерге түскен бетте бірден шөпке бас қойды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды