|
Тоқал алғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды
|
Өзбекстанның Бұхара облысына қарасты Гижубан ауданының 53 астағы тұрғыны тоқал алғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жайында Daryo ақпарат көзі хабар таратты. Оның заңды некедегі әйелі мен екі қызы бар, соған қарамастан 2016 жылы шариғи жолмен тағы бір әйелмен неке қидырған. Бәйбішесі ауырып, ұл бала тауып бермегені үшін тоқал алуға мәжбүр болғанын айтып, ақталды. Бұған қоса, бәйбішесі мен қыздарын ештеңеден тарықтырмай, барлық жағдайын жасағанын алға тарса да Өзбекстан қылмыстық кодексінің 126-шы бабы («Көп әйел алушылық») бойынша жауапкершілікке тартылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті