|
Түкіруге, сіңбіруге заңмен тыйым салынды
|
Моңғолияда қабылданған «Денсаулық сақтау туралы» заң талаптарына сәйкес көшеде және қоғамдық орындарда түкірген, сіңбірген адамға шамамен 2,5 доллар мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл жайында «flashsiberia.com» ақпарат көзі хабар таратты. Аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлағандай, аталмыш заң талаптарының сақталуын тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері қадағалайтын болады. Ел билігі мұндай қадамға осы жылдың шілде айында өтетін «Азия-Еуропа» 11-ші саммитіне байланысты барып отыр. Халықаралық маңызы зор аталған жиынға әлемнің елуден аса елінен делегаттар келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады