Тунис лаңкестік жағдайға байланысты 80 мешітті жабатын болды (видео)
Тунис лаңкестік жағдайға байланысты 80 мешітті жабатын болды (видео)
10 жыл бұрын 3735

Baq.kz ақпарат көзінің хабарына қарағанда, өткен аптада Тунисте орын алған лаңкестік оқиғасынан кейін ел билігі мемлекеттік тіркеуі жоқ 80 мешітті бір апта көлемінде жабатын болып шешті. Бұл жайында Reuters ел премьер-министрі Хабиб Эссидке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Айта кетейік, кеше күндіз Сус курортындағы жағажайға "Ислам мемлекті" лаңкестік ұйымының содыры келіп, демалушыларға қарата оқ жаудырған болатын. Салдарынан 39 адам қаза тауып, 36-сы жарақат алды. Қайтыс болғандар қатарында Ұлыбритания, Германия, Бельгия елдерінің азаматтары көп.

Тәртіп сақшылары лаңкесті сол жерде атып өлтірді. Ол Сейфуддин Ар-резки есімді жергілікті студент. 2011 жылы техникалық мамандық алу үшін институтқа оқуға түскен. 2014 жылы Ар-Резки оқуын тәмамдап, сол уақыттан бері магистратурада білімін жалғастырып келді. Ол өзінің достарымен салафиттер мешітіне барып жүргені де белгілі болып отыр.

 

Интернетте Тунистегі террорлық оқиғаның видеосы пайда болды

YouTube сайтына Тунис шипажайында болған терактінің видеосы жүктелді. Бейнежазба ұялы телефоннан түсірілген. Кадрдан атыс пен адамдардың дауысын естуге болады. Сонымен қатар, қаза тапқан туристердің денесі де түсірілген.

ИМ ұйымы террорлық актіні мойнына алып, атысты ұйымдастырған адамның суретін Twitter желісіне "Халифат сарбазы" деген атаумен жүктеді. Оның аты - Әбу Яхья Кварани (Abu Yahya Qayrawani).

 

© Twitter

 

Әбу Яхья Кварани - атысты ұйымдастырды делінген террорист.

Осыған дейін атысты Тунистің 23 жастағы тұрғыны Сейфуддин Ар-Резки ұйымдастырды деп хабарланған болатын. Ол 2011-2014 жылдары жергілікті техникалық жоғарғы оқу орындарының бірінде оқып, кейін магистратураға тапсырған. Онымен бірге оқитын студенттердің айтуынша, ол бос уақытында мешіттегі жиналыстарға қатысқан. Сол жерде радикалды исламшылардың ықпалына түсіп қалғаны анық.

Ол полицейлермен атыс кезінде қаза тапты.

Еске сала кетейік, Сус қаласындағы Әл-Кантауи шипажайында 26 маусымда атыс болды. Ер адам Калашников автоматымен жағажайдағы туристерге оқ атты. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның айтуынша, террорлық әрекеттің құрбаны болғандардың көбі ұлыбританиялықтар.

Қаза тапқандардың денесі орамалмен жабылды.

0 пікір
Мұрағат