|
Тұрғындарына қарағанда туристері көп қалалар анықталды
|
Америкалық ESTA визалық жүйесі туристер саны жергілікті тұрғындардан көп әлем қалаларының рейтингін жасады, деп хабарлады 24.kz.
Сонымен Майамиде туристер саны жергілікті тұрғындар санынан 16 есе көп. Ең қонақжай қалалар ретінде Американың Майами және Лас Вегас қалалары анықталды. Бұл қалаларда 100 тұрғынға 1641 және 993 туристен келеді.
Одан кейінгі орында Дубай тұр. Бұл қалада 100 жергілікті тұрғынға 558 туристен келеді. Төртінші және бесінші орынға шотландиялық Эдинбург және ирландиялық Дублин орналасқан. Эдинбургте 100 жергілікті тұрғынға 445 туристен, Дублинде 100 азаматқа 427 туристен келеді.
Алғашқы ондыққа Гонконг, Сан-Франциско, Вена, Сингапур және Вашингтон кіреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Бірер жылдан соң күн негізгі электр энергиясының көзіне айналады
■
Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
■
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер
■
Қазақстанда интернет арқылы антибиотик сатуға тыйым салынбақ