Түрік моншасы туризмнің ошағына айналып келеді
Түрік моншасы туризмнің ошағына айналып келеді
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түріктер өз тілдерінде хаммам атап кеткен моншаның Стамбұл экономикасына тигізер үлесі артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы жылдары түрік моншасына шетелдік саяхатшылар тарапынан сұраныс артқан. Түркияның туристік нарығындағы жаңа бағыт көне дәстүрмен және жетілдірілген инфрақұрылыммен ұштасып, алып шаһардың қазынасына тұрақты кіріс көзі болып қосылды. Стамбұлдың хаммам, қоғамдық монша, термалды шомылу орындары, сауна және массаж салондары операторлары палатасының жетекшісі Тақсын Калион қыс мезгілінде клиенттер санының күрт артатынын, бұған көбінесе хаммамның шипалық қасиетіне деген сенімнің ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, суық маусымда келушілер қарасы 60-70% -ға артады. Әсіресе, туристер “кесе” деп аталатын, теріні жұмсартуға әрі жақсартуға арналған косметикалық процедура, көбік массажы, “кебек тасы”- ортадағы мәрмәр тұғырының қызуы (Османлының монша мәдениетінің атрибуты) қызықтыратынын жеткізді. Түрік моншасына көрші гректер де, Нидерланды, Қытай және Германия туристері көптеп келеді. Стамбұл мегаполисінде 50-ге тарта тарихи хаммам бар. Бұдан бөлек, 150-ге жуық монша салынған. Соның ішінде қонақ үйлермен бірге салынған моншалар туристерді қабылдайды. Стамбұл хаммамы жылына 20 мыңға дейінгі шетелдік азаматқа қызмет көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат