|
Түрік оқушысының тың тәжірибесі
|
Мұғла провинциясында тұратын Фатма Аққылыш есімді түрік оқушысы классикалық музыка өсімдіктердің өсуіне тигізетін әсерін зерттеп көрмек болады. Бірақ, ол әдеттегідей классикалық музына емес, қасиетті Құранды таңдайды. «Жағымды әуез өсімдіктердің өсуін тездетеді» деген тұжырымның шындыққа қаншалықты сай келетінін тексеріп көру үшін ол үш ыдысқа бұрыштың тұқымын егеді. Фатма олардың біріне 20 күн бойы күніне бес сағат Құран, екіншісіне пьесаны «тыңдатады». Ал, үшіншісін «жайына» қалдырады, яғни, тыныш жерде өсіреді. Нәтижесінде Құран «тыңдаған» өсімдік тыныш жерде тұрған өсімдіктен 7 сантиметрге артық өскен. Ал пьеса «тыңдаған» өсімдік сол күйі өнбей қалған көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады