|
Түрік университеттері оқу мерзімін үш жылға қысқартуы мүмкін
|
KAZINFORM - Түркия жоғары білім реформасын жариялады. Енді оқу бағдарламалары еуропалық үлгіге сәйкестендіріледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы хабарлады. Бұл туралы ол 2025-2026 оқу жылының ашылу салтанатында айтты.
Түркия президентінің айтуынша, Түркия жоғары білім беру мерзімін төрт жылдан үш жылға дейін қысқартатын жаңа білім үлгісін енгізуге дайындалып жатыр.
- Бұл жүйе қазірдің өзінде көптеген Еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылып жатыр және түрік университеттерінің халықаралық стандарттарға жетуіне мүмкіндік береді,- деді Ердоған.
Ердоған алдағы уақытта оқу бағдарламаларының қайта қаралып, жеңілдетілетінін атап өтті. Жобалық, қолданбалы және зерттеуге негізделген оқыту үлгілеріне ерекше назар аударылады.Бұл студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға және білімді өмірлік жағдайларда қолдануға көмектеседі.
Бұдан басқа, реформаның күн тәртібінде оқыту сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді ынталандыруға, университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған құрылымдық өзгерістер бар.
Бұл реформа Түркияның білім беру жүйесін жаңғырту және оны заманауи еңбек нарығының талаптарына бейімдеу жолындағы басты қадамдарының бірі.
Балқаш политехникалық колледжінің студенттері Түркия университеттеріне грантқа түсе алады.
Еркежан Смағұлова
Түркиядағы 17 жеке университетте медицина факультеті жабылуы мүмкін
KAZINFORM — Түркияда жекеменшік университеттердегі медициналық факультеттердің жұмысына қатысты сыни жағдай туындады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
t24 түрік басылымының хабарлауынша, 17 жекеменшік университеттің медициналық факультеттері өз емханасының болуы туралы міндетті заң талабын әлі орындамағандықтан жабылуы мүмкін. Мүмкіндік мерзімі осы жылдың 16 қазанында аяқталады.
Түркияның жоғары білім туралы заңына сәйкес, медициналық факультеттері бар барлық жеке университеттер кем дегенде 200 төсектік өз емханасын құруға немесе сатып алуға міндетті.
Белгілі болғандай, бұл университеттерге бұл талапты орындау үшін 2020 жылы басталып, осы аптада аяқталатын бес жылдық мерзім берілген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, медициналық факультеттері бар жұмыс істеп тұрған 32 жекеменшік университеттің 17-сі бұл талапты орындай алмаған.
Белгіленген мерзімде жаңа заңнама немесе кейінге қалдыру қабылданбаса, Түркия Білім беру Жоғарғы Кеңесі (YÖK) 17 университеттің медициналық факультеттерін жауып, студенттерін басқа оқу орындарына ауыстырады.
Жабылатын факультеттер тізімінде қазақстандық білім нарығында танымал Анкара Медипол университетінің (Ankara Medipol Üniversitesi) Медицина факультеті бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның 100 студенті Аризона дипломын Қазақстанда алатынын жазған едік.
Еркежан Смағұлова