Түріктер ALKA әскери лазерлік қондырғысын жаппай өндіре бастайды (видео)
|

Түркияда ALKA әскери лазерлік қондырғысы жаппай өндіріле бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ, musavat.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Roketsan компаниясы өндіретін аталмыш әскери қондырғы сағатына 150 шақырым жылдамдықпен қозғалатын ұшқышсыз ұшатын шағын аппараттарды жоя алады, сонымен бірге, минаны қашықтан жара алады. Roketsan компаниясының бас директорының айтуынша, бұл әскери лазерлік қондырғы ең алдымен аса маңызды нысандарды қорғауда пайдаланылады. Аталған қондырғының лазерлік қуаты 2,5 кВт-ты құрайды, ол беспилотниктерді мыңдаған метр қашықтан жоя алады. Бұл қондырғы көздеген нысанасын өз бетінше, яғни, адамның аралсуынсыз қадағалайды.
Көп оқылғандар

■
АСЕАН ислами қаржы индустриясы келесі жылы 1 трлн доллардан асады

■
Жасанды зердеге сұраныс жаңа миллиардерлердің пайда болуына ықпал етіп жатыр

■
Роботтар адам баласын құрсағында жетілдіріп, өмірге әкелетін болады

■
Қазақстанда дропперлерге қылмыстық жаза енгізілді

■
1 келісінің өзі 33 млн долларға жуық трития алудың әдісі табылды