|
Түріктер ас дайындағанда аспаздың әрекетін бейне және дауыс бақылау камераларымен қадағалауды міндеттейді
|
Стамбұл билігі қоғамды дүрліктірген астан улану оқиғасына байланысты, дәлірегі, бір отбасынан төрт адамның өлімінен кейін, содан соң 26 жастағы әйелдің ауыр халінен кейін тағам қауіпсіздігі саласында қатаң әрі ауқымды шараларды қолға алып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада қоғамдық тамақтандыру орындарындағы тазалықты қадағалаудың төтенше шаралары турасында сөз болып отыр. Стамбұл губернаторының басқармасында өткен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі отырыста орындалуы тиіс негізгі сегіз шара бекітілді. Ең алдымен, тамақ өндірумен және сатумен байланысты барлық кәсіпорындар енді тәулік бойы, яғни, 24 сағат бойы аудио- және бейнежазба жүргізуге міндетті. Бұл жазбаларды тергеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 30 күн сақтау керек. Барлық провинцияны тамақ қауіпсіздігі инспекциясы жөніндегі жаңа комиссия қамтитын болады, олар тәулік бойы жұмыс істейді, стандартты жұмыс уақытының шегіне бақылауды кеңейтеді. Кәсіпорындардың иелері мен қызметкерлері үшін азық-түлікпен жұмыс істеу тәжірибесіндегі олқылықтарды жою үшін қауіпсіздік және гигиена нормаларына оқыту міндетті болады. Сонымен қатар, сатылған өнімдердің үлгілерін 72 сағат бойы сақтау талабы қатаң сақталатын болады. Көше саудагерлерін де, ресми мекемелерді де тексеру шаралары күшейтіледі. Билік өнімді суықтай жеткізу тізбегін басқарудағы ереженің сақталуындағы қандай да бір ақауларға «нөлдік төзімділік» саясатын енгізеді: бұл шара тез бұзылатын өнімдердегі бактериялардың өсуін болдырмау үшін өте маңызды. Өнімдерді зарарсыздандырумен айналысатын компаниялар да күшейтілген бақылау режиміне енеді – қандай да бір ереже талаптарын бұзғандарды әкімшілік іс немесе сот қарастырады. Бұдан бөлек, мерзімі өткен немесе бүлінген өнімдерді сатқаны үшін айыпталған кәсіпорындарға айыппұл салынып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.