|
Түріктер жұмыртқа қабығынан қағаз өндіруде
|
Түркияның Каһраманмараш университетінің оқытушылары мен студенттері жұмыртқа қабығынан жоғары сапалы қағаз алудың тәсілін тапты. Осы орайда аталған елде жыл сайын 100 тоннадан аса жұмыртқа қабығы қоқысқа тасталатынын айта кеткен жөн. Түріктердің бұл жаңалығы аса маңызды экологиялық мәселені шешуге көмектеседі: «Бір тонна қағаз алу үшін 17 ағаш оталады. Бір отбасы орташа есеппен алғанда жылына 52 жәшік жұмыртқа қабығын қоқысқа тастайды екен. Бір отбасының ылына қоқысқа тастайтын жұмыртқа қабығы 60-70 жылдық бір ағашты отаудан аман алып қалады. Ал бір ағаш 72 адамды оттегімен қамтамасыз етеді»,- деді аталмыш жобаға атсалысқан, яғни, осынау тәсіл авторларының бірі - профессор Ахмет Тұтыш.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу