Түркі елінде электронды шылым шеккендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын тыйым салынды
Түркі елінде электронды шылым шеккендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын тыйым салынды
7 күн бұрын 794 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан президенті Шабқат Мірзей елде электронды шылымға толық тыйым салу қарастырылған әрі бұл талапты бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін заңнамалық түзетуді мақұлдап, тиісті құжатқа қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы  IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ереже туристер көп баратын Орта Азияның аталмыш елінде шетелдіктерге де қатысты қолданылады. Жаңа нормалар «Ішімдік және темекі өнімдерін таратуды және тұтынуды шектеу туралы» заңның бір бөлігіне айналды. Бұл тыйымды елемегендерге енді қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Құжатқа сәйкес тәртіп бұзушыларға 500 базалық мөлшерге дейін айыппұл салынады, бұдан бөлек, ақысыз жұмыстарға жегіледі немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Бұл ретте заң шығарушылар тек жазалауды ғана ойлап қоймай, сонымен қатар, жауапкершіліктен босату мүмкіндігін де қарастырыпты. Жазадан құтылу үшін тәртіп бұзушы қолындағы құрылғыларды өз еркімен тапсыруға және өз кінәсін мойындауы тиіс. Бұл шара посткеңестік кеңістіктегі ең қатаң шаралардың бірі және Өзбекстан билігінің елде вейпті пайдалануды толығымен жою ниетін айғақтайды.

0 пікір
Мұрағат