Түркия әлемдегі ең ірі 7 аграрлық мемлекет қатарына кірді
Түркия әлемдегі ең ірі 7 аграрлық мемлекет қатарына кірді
5 ай бұрын 1158 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік банк дерегі бойынша Түркияның ауыл шаруашылық өнімдерінің ауқымы өткен жылы (2024) 74 млрд долларға дейін өскен. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Бұл жетістік аталған түркі елінің әлемдегі ең жетекші аграрлық экономикалардың біріне айналдырды. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылғы жаһандық рейтингте Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшеріне қарай шамамен 1,27 трлн доллар құрайтын ірі аграрлық экономика болып қала береді. Одан кейін орынға 639,8 млрд доллар ауыл шаруашылық өнімдерімен Үндістан жайғасқан, ал Америка құрама штаттары - 248,4 млрд доллармен үшінші орыннан көрінген. Бірінші топқа кіретін басқа дамушы экономикалардың ішінде Индонезия (176,1 млрд доллар), Бразилия (121,6 млрд доллар) және Пәкістан (87,8 млрд доллар) бар. Ал Түркия жетінші орынға көтерілу арқылы Мексиканы (69,8 млрддоллар) артқа тастаған. Бұл тізімде Ресей Федерациясы – 59,6 млрд доллар, ал Иран - 56,8 млрд доллар. Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ыбрайым Жұмағыл бұл өсімді ел фермерлері мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің табысымен түсіндіріп, Түркия алғаш рет ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша 70 млрд доллар межесін бағындырғанын атап өтті. Түркияда 2024 жылы астық және басқа далалық дақылдар ауыл шаруашылығы өндірісінің ең үлкен үлесін құрады - жалпы мөлшері шамамен 75,5 млн тоннаны құрады. Екінші орында - көкөніс өндірісі - 33,6 млн тонна, ал үшінші орында 28 млн тонна жеміс-жидек, сусындар мен дәмдеуіштер тұр.

0 пікір
Мұрағат