|
Түркия аумағынан аса ірі алтын кен орны табылды (видео)
|
Түркия аумағынан, дәлірегі, Мәрмәр теңізінің маңында тыңайтқыш өндіретін Gubretas компаниясына қарасты кен аумағындағы Сегют қаласынан алтынды қыртыс табылған. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барлай келе 3,5 миллион унци (шамамен 99 тонна) алтын қоры бар кен орны болып шықты. Яғни, ақшаға шаққанда 6 млрд долларға бағаланып отыр. Gubretas өкілі Фахреттин Пойраздың айтуынша, бұл алтын кені әлемдегі аса ірі бес алтын кенінің бірі. Аталған кен орнынан алтынды екі жыл ішінде өндіре бастайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Жанасқанын мәтінге айналдыратын «ақылды тері» жасалды (видео)