Түркия инвестиция арқылы алуға болатын азаматтық процедурасын жойуы мүмкін
Түркия инвестиция арқылы алуға болатын азаматтық процедурасын жойуы мүмкін
1 сағат бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі жылжымайтын мүлікпен байланысты алаяқтыққа қатысты тергеу аясында инвестиция құю арқылы алынған азаматтықты тексеру процесін бастады. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада дәлірегі жылжымайтын мүлік бағасының қолдан өсірумен және жалған операцияламен байланысты схема турасында сөз болып отыр. Pencere мерзімді басылымының тергеу деректеріне жөн сілтей отырып жазғанындай, 1198 шетелдік осындай мәмілемен азаматтыққа ие болған. Мұндай мәмілелерден мемлекетке 144 млн доллар халал келген. Осыны ескерген билік инвестиция арқылы азаматтық алу процедурасын жоюды қарастырып жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Халық және азаматтық істері жөніндегі бас басқарма тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлады. Егер азаматтықтың жалған инвестициялар негізінде алынғаны расталса, азаматтықты мемлекет қайтарып алуы мүмкін. Яғни, алаяқтық схема бойынша азаматтық алған шетелдікті азаматтықтан шығаруы ықтимал.

Мұндай жағдайлар мынадай адамдарға қатысты болуы мүмкін:

- жылжымайтын мүлікті тек қағаздан ғана көтеріңкі бағамен сатып алғаны;

- жалған қаржылық аударым схемаларына қатыстытылығы,

- инвестициялардың көрінісін туғызатын делдалдар арқылы мәмілелерді ресімдегені расталса.

Билік мынадай факторалрға жете назар аударуы мүмкін:

- жылжымайтын мүлікт құнына;

- қаражаттың шығу тегіне;

- қаржылық операциялардың шынайылығына.

Биліктің бұл қадамы өз кезегінде жылжымайтын мүлік нарығына әсер етуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, осы нарықтағы ойын ережесі өзгеруі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат