Түркия шетелдік жалдамалы жұмысшыларға бақылауды күшейтеді
Түркия шетелдік жалдамалы жұмысшыларға бақылауды күшейтеді
5 ай бұрын 495 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың шілде айының 23-нен бастап Түркия аумағында жаңа регламент күшіне енді – шетелдіктерді заңсыз жолмен жалдаған жұмыс берушілер олардың жолақысын еліне қайтаруы үшін өз қалтасынан төлейді. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркияның еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мен ішкі істер министрлігі бірігіп әзірлеген қаулыға сәйкес бұл шара еңбек мигранттарына бақылауды күшейтуге әрі көлеңкелі бизнеспен күресуге бағытталған. Түрік билігі осылайша елдегі еңбек нарығын реттеп, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге әрі ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге талпынады. Жұмыс беруші заңсыз тартылған шетелдік мигранттың медициналық шығынын, тұру, күнкөріс, қайту шығынын өз мойнына алады. Олар отбасымен келсе, олардың да шығынын бір өзі көтеріп алады. 

0 пікір
Мұрағат