Түркияда жасөспірімдер арасындағы суицид 80%-ға өсті
|

Таяуда жарық көрген Біріккен Ұлттар Ұйымының қарамағындағы балаларды қорғаудың халықаралық ұйымы - UNICEF (United Nations International Children’s Emergency Fund) баяндамасында Түркиядағы жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші 2018-2022 жылдар аралығында 80%-ға күр өсіп кеткені турасында дерек келтірілді. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы дерек «Innocenti 19 есебінің картасы: Бала әл-ауқаты болжауға келмейтін әлемде» деп аталатын мәлімет көзінен алынған: онда Еуропалық Одақ мен Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына мүше 43 елінің ахуалына баға берілген. Түркия жалпы есепте 35-орынды иеленді - бала әл-ауқатының үш өлшемінде де ең төменгі орындардың бірін алды: психикалық денсаулық, физикалық денсаулық және дағдыларды дамыту. Есепте алты негізгі көрсеткіш талданады: өмірге көңілінің толуы, жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау, балалар өлімі, артық дене салмағы, академиялық жетістік және әлеуметтік дағдылар. Бақшашаһар университетінің Өзгүр Өнер есімді профессорының, дәлірегі, аталмыш жоғарғы оқу орнының балалар мен жасөспірімдер психиатриясы кафедрасының меңгерушісінің айтуынша, түрік жастары цифрлы технологияның әсеріне, климат дағдарысының әсеріне ұшыраған, елдегі саяси-экономикалық ахуалға, т.б. факторларға алаңдайды, қосымша стрестен зардап шегеді. Болашақта өмірлерінің қалай қалыптастатынына көздері жетпейді. Бүгінде түрік жастарының 70%-ы өз елінде емес, өзге елде өмір сүргісі келетінін жасырмайды. UNICEF баяндамасына сәйкес жастағы түрік жасөспірімдерінің тек 57%-ы ғана өз өміріне көңілі толады. Әлеуметтік байланыс пен академиялық үлгерім бойынша түрік жастарының деңгейі төмен.




