|
Түркияда мемтөңкеріс жасауға әрекеттенгендер тікұшақпен Грекияға барып, саяси пана сұрап жатыр
|
Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгендер тікұшақпен Грекияға барып, саяси пана сұрап жатыр, - деп хабарлайды "tengrinews.kz" порталы "РИА Новости" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Ал аталған ақпарат көзі Грекияның ERT қоғамдық телеарнасына сілтеме жасады.
"Black hawk" түріндегі тікұшақтың түрік полициясының иелігінде екені хабарланып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ апат сигналын берген.
Төтенше жағдай орнына барғандардың мәліметі бойынша ұшып келгендердің Түркиядағы бүлікке қатысы бар, олар Грекияда саяси пана сұраған. Расталған мәліметтер бойынша, тікұшақ бортында жеті әскери болған. Түрік әскерилерінің шені жайлы мәлімет жоқ, себебі олар формасындағы шен белгілерін шешіп тастаған. Бұл іс Грекияның Сыртқы істер министрлігіне берілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
