Түркияда туған күні бірдей тұрғындар қарасы азайып келеді
Түркияда туған күні бірдей тұрғындар қарасы азайып келеді
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Миллиондаған түрік туған күнін бір күнде тойлайды. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің 24-ші арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірнеше ондаған жылдарға созылған бұл әдет өз кезегінде түріктердің салты іспетті сипатқа ие болған. Бұл дәстүр өз кезегінде үйде босанғаннан өмірге келген баланың туған күні мен жылының арнайы тіркелмегендігі себеп болған. Бұл әдет 1990-шы жылдарға дейін жалғасын тапқан екен. Алайда, Түркияның таулы және елді мекендерден жырақ шалғайдағы ауылдық жерлерде әлі күнге сақталған. Айы-күні жеткен аяғы ауыр әйелді үйде босандырып алу әдеті қалмаған. Негізінде туған күн - адамның өмір есегін ашқан күні, төл мерекесі саналады. Осылайша туған күні белгісіз жандар бұл төл мерекесін әр жылдың басында, дәлірегі, қаңтар айының 1-де атап өтеді. Бүгінде туған күнін жоғарыда айтылған себеппен қаңтардың 1-де тойлайтындар қарасы жылданн жылға азайып келеді. Бүгінде олардың қарасы 2 млн-ға да жетпейді. 

0 пікір
Мұрағат