|
Түркияда туристерге жаңа салық түрі енгізіледі
|
2023 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап Түркияда туристерге қызмет көрсету құнына шаққанда екі пайыздық елде тұру салығы алынады. Бұл жайында islam.kz порталы NTV телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоғамдық қонақ үйлерді, демалыс орталықтары мен лагерлерді, сонымен қатар, екі қабатты үйлерді қоспағанда қонақ үйлерде, демалыс қалашықтарында, бутик-қонақ үйлерде, мотелдерде, пансионаттарда, ауылдық жерлерде, кемпингтерде тұратындардан тұру салығы алынады. Жатақханада және лагерлерде тұратын студенттер жаңа төлемнен босатылатыны хабарланды. «Түркиядағы шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері де тұру салығын төлемейді», деп айтылған хабарда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды