|
Түркиядағы лаңкестікті 18 жастағы бойжеткен жасады (видео)
|
Түркиядағы лаңкестікті 18 жастағы бойжеткен жасаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Hurriyet басылымы. Бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.
Түркия билігі жарылысқа ДАИШ-тың қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеді. "Қылмыс орнында жиналған бірінші дәйектер бұл істің ДАИШ-тың жасағанын көрсетіп отыр, олар "тірі бомбаны" қолданған", - деп хабарлады Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлы.
Еске сала кетейік, елдің Сириямен шекаралас маңындағы Суруч қаласындағы жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 15.00-шамасында болған еді. Соңғы ақпарат бойынша, қаза болғандардың саны 31-ге, ал жарақат алғандар 100 адамға жетті.
Сонымен қатар, жарылыс сәті түсірілген видео пайда болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады