|
Түркиядағы қарттар қарасы геометриялық прогрессиямен артып келеді
|
Түркия жаңа демографиялық деректерді жариялады: егде жастағылар қарасы күрт артып келе жатқаны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы мәлімет бойынша ел аумағындағы 65 жас және одан жоғары жастағылар қарасы ел тұрғындарының 11,1%-ға жеткен. Бұған өмір сүру жасының ұзаруы мен туу көрсеткішінің төмендеуіне үлес қосқан. Turkstat мағлұматына қарағанда, бұл көрсеикіш 2020 жылы 9,5% болатын. Содан бері, аз жылда күрт артқан. Түркия қарттар саны жағынан әлемдегі 194 елдің арасында 74-ші орынға шыққан. Аталған елдегі қарттар арасында ерлерге қарағанда әйелдердің саны көп - 55,3%, ал ерлерде - 44,7%. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер демографиялық трансформацияның басталғанын көрсетеді. Туу мен өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, денсаулық сақтау жүйесі дамығандықтан, балалар мен жастардың үлесі біртіндеп азаяды, ал егде жастағы адамдар саны өсуде. Бұл демографиялық процесс көрсеткіштерінің бірі - 2020 жылғы 32,7 жастан 2025 жылы 34,9 жасқа дейін ұлғайған халықтың орташа жасы. Ал Түркиядағы адам ғұмырының орташа жасы 78,1 жасты құрайды. Түркия аумағында бүгінде жалғызбасты қарттар, яғни, жалғыз тұратын қарттар қарасы шамамен 1,8 млн-ға жеткен. Олардың тқрттен үші - әйелдер. Түркиядағы қарттар арасында соңғы жылдары цифрлы белсенділік артып келеді. Интернетті пайдаланатын 65-74 жас аралығындағылар саны 2020 жылы 27,1% болса, 2025 жылы бұл тараптағы көрсеткіш 53,2 пайызға жеткен. Бұл елде әйелдерге қарағанда ерлер интернетті жиі пайдаланады.