|
Түркияның ауқаттылары байыған үстіне байып жатыр
|
Түркияда жекеменшік ұшағы бар ауқатты адамдар қарасы рекордтық деңгейге жетті. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылы жекеменшіктегі авиалайнер саны 43,6%-ға өсіп, жалпы саны 158-ге жеткен. Ең қымбат ұшақтар 80 млн долларға бағаланады. Бұл тарапта Түркия әлемде 13-ші орыннан көрінді. Жекеменшік ұшақ жылына 300 сағаттан аса уақытын әуеде өткізетін, ұшақ арқылы сапарлайтындарға экономикалық жағынан тиімді. Десе де ай сайын ұшақтың техникалық күтімі мен пайдалану шығыны 100 мың долларға дейін жетеді. Алайда, кей кәсіпкерлер ұшағын жалға беру арқылы мұндай шығынның орнын жаба алады. Ең озы, технологиялық мүмкіндігі жоғары ұшақ 80 млн доллар шамасында болады. Мәселен, G700 ұшағы ең жайлы әрі ірі бизнесмендер мінетін ұшаққа айналған. Ұшақ 19 жолаушыға шақталған, 20 панорамалық тереземен жабдықталған. Оның салонының ұзындығы 17,35 метр және 13 жолаушыға арналған жатын орынды қамтамасыз етеді. Екі Rolls-Royce Pearl 700 қозғалтқышымен жабдықталған ұшақ сағатына 956 шақырым жылдамдықпен қозғала алады. Ұшу қашықтығы - 13 мың 890 шақырым.