Түркияның демографиялық апатпен күресі сәтсіз аяқталуы мүмкін
|

Түркия президенті елдегі демографиялық ахуалға баға бере келе: «соғыстан да қауіпті қатер»деп мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Newsturk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саннан сапа шығады, халық саны – мемлекет қауіпсіздігінің негізгі ұстындарының бірі әрі ұлттық стратегияның қайнар көзі. Осыны ескерген түрік билігі соңғы жылдары туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты 2025 жылды «Отбасы жылы» деп жариялады. Ал келесі жылдан бастап «Отбасының он жылы» жарияланады. Қазіргі уақытта тек Түркия ғана емес, әлемнің көптеген елдері демографиялық кері үрдіспен бетпебет келіп отыр. Әр ел шама-шарқынша әлеуметтік төлемдерді арттырудан баста, түрлі жеңілдіктер қарастырып, кешенді іс-шара бағдарламаларын қабылдап жатыр. Алайда, Түркиядағы экономикалық дағдарыстың тереңдеуінен жас отбасыларына жеткілікті қолдау көрсетілмей жатыр. Ресми дерек бойынша Түркиядағы бала туу көрсеткіші 2001 жылғы 2,38 баладан 2025 жылы 1,48-ге дейін төмендеді – бұл көрсеткіш Францияға, Ұлыбританияға немесе Америка құрама штаттарына қарағанда төмен. Оның билік басындағы 22 жыл ішінде - алдымен премьер-министр, содан кейін президент ретінде - 85 млн халқы бар Түркияда туу деңгейі күрт төмендеді. Соңғы төрт жылда Түркия жоғары инфляциядан зардап шегіп отыр, соның салдарынан білім беру шығындары 70% -ға өсіп кеткен. Ресми мәліметке сәйкес осы жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 8,2% -ды, ал 15 пен 24 жас аралығындағы адамдар арасында - 15% -ды құрады. DISK кәсіподағы зерттеушілердің айтуынша, нақты көрсеткіш 28,5%, ал жастар арасында 37,5% тең. Осындай факторларға қарамастан Түркия билігі төнеп келе жатқан демографиялық апатпен басқаша күреспекші: Түркиядағы кесар тілігімен бала тапқандар қарасы 61%-ға, ал кейбір жекеменшік емханаларда 78%-ға артып кеткен. Түркия үкіметі жекменшік емханаларға «медициналық себебі болмаса, яғни, босану жүкті әйелдің денсаулығына қатер төндірмесе, мұндай процедураға тыйым салды. Түркиядағы кесар тілігінің кеңінен етек алуын сарапшылар 1990-шы жылдардың соңына таман орын алған денсаулық сақтау жүесін жекешелендіру процесімен байланыстырады. Негізінде кесар тілігі медицина қызметкеріне уақытты үнемдеу жағынан тиімді – табиғи жолмен босандыру 12 сағат кетсе, кесар тілігінде 30 минут жеткілікті. Бұдан бөлек, Қақан Шөкер есімді стамбұлдық гинеколог босану кезіндегі ана мен бала өміріне қауіптің төнуімен байланысты ықтимал соттың әуре-сарсаңынан құтқаратынын жасырмады. Қысқасы, кемар тілігі аяғы ауыр әйелге де, оны босандыратын медқызметкерге де тиімді. Дегенмен, таяқтың екі ұшы бар: босану кезіндегі ауырсыну мен қиындықтан қорыққан әйелдер жиі жүгінетін кесар тілігі процедурасы бойынша өмірге келген баланың денсаулығына қауіпті деп санайды. Дегенмен, кейбіреулер биліктің бұл тыйымына наразылық білдіруде. Мәселен, Сешіл Мұртазаоғлы есімді 23 жастағы студент биліктің түсік жасату процедурасын қатаңдатып қана қоймай, енді кесар тілігіне тыйым салғанын құптамайды.




