Түркияның діни билігіне қасиетті Құран аудармасына тыйым салу құқығы берілді
Түркияның діни билігіне қасиетті Құран аудармасына тыйым салу құқығы берілді
1 ай бұрын 712 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияда наным-сенім бостандығының жайылуына байланысты шілде айынан бастап Diyanet-ке (Түркияның дін істері жөніндені бассқармасы) кез келген адамға немесе ұйымға қасиетті Құранды аударуға тыйым салуына қатысты құзыретін кеңейтіп, айрықша құқық берілді. Бұл жайында islam.kz порталы неміс тілінде жарық көрген Elmas Topcu-ның мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия билігі мұндай қадамға ислам түсініктерін бұрмалауға жол бермеу үшін барып отыр. Түркия зайырлы мемлекет дегенмен Diyanet ең ықпалды ұйымдардың қатарына кіреді. Аталмыш басқарма мен оған қарасты мекемелерде 140 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Бұл ұйым әлемнің 100-ден аса елінде діни қызметін ұсынады. 1924 жылы құрылған бұл ұйым 2018 жылдан бері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға тікелей бағынады. Жылдық бюджеті шамамен 3 млрд еуроны (3,47 млрд доллар) құрайды. Яғни, қазынасы мен қаражаты жағынан бірнеше министрліктің өзін артқа тастайды. Тіпті, елдің ішкі істер министрлігінің өзі қаражаты жағынан бұл ұйымның бюджетінен төмен. Таяуда Diyanet-ке қасиетті Құран аудармасына қатысты құзыретін кеңейтетін заң шілде айының 4-нен бастап қолданысқа енді. Осы заң талаптарына қарай Diyanet исламға тән емес элементтердің діни айналымға еніп кетуіне жол бермейтін шара қолдана алады. Яғни, тыйым салады. Ислам бұрмаланған діни мәтіндер тәркіленеді және жойылады. Мұндай материалдарға қасиетті Құран мен хадистердің аудармасы мен түсіндірмесі жазылған электронды мәтіндер, дыбыстық және бейнежазбалар жатады. Мәселен, Diyanet-тің қызметін жиі сынға алатын Ықсан Еліашықтың (суреті төменде – ред.) аудармасы қате деп танылып, таралымына тыйым салынды. Осы орайда KONDA сауалнама институтының зерттеу нәтижесі бойынша өзін діндар санайтын адамдардың үлесі 2018 жылы 55%-дан қазір 46%-ға төмендеді, ал атеисттердің немесе дінсіздердің үлесі бұл кезеңде 2%-дан 8%-ға артты.

The Quran translation by Ihsan Eliacik has already been classified as 'problematic' and banned. Eliacik is one of the theologians who are critical of the Diyanet

Ықсан Елашық

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3