Түркияның ең қымбат бренді аталды
|

Turkısh Airlines биыл Түркиядағы алдыңғы қатарлы 125 брнед рейтингісінде көш бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Brand Finance деп аталатын халықаралық ұйым келтірген дерекке жөн сілтеген yenisafak.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Brand Finance тәуелсіз кеңес беру компаниясы "Түркияның 125 ең қымбат бренді - 2025" зерттеуін аяқтады. Осы жылы 2007 жылдан бері жыл сайын жарияланып келген тізім 100-ден 125 брендке кеңейтілді, бұл өзгеріс қор нарығына шыққан компаниялардың өсуімен байланысты орын алған. Аталған тізімдегі бірінші орын өткен жылдардағыдай, Turkish Airlines (THY) тиесілі. Рейтингке сәйкес THY брендінің нарықтық құны 2 миллиард 266 миллион доллар деп бағалануда. Екінші орында Arçelik (1 миллиард 645 миллион доллар). Үздік үштікті İş Bankası (1 миллиард 240 миллион доллар) аяқтап отыр. Vestel бір сатыға түсіп, 928 миллион доллармен төртінші орынға жайғасты, ал Ford Otosan 905 миллион доллармен бесінші орынға табан тіреген.
Одан кейінгі орындарға келсек:
Ziraat Bankası – 875 млн долл. (6-шы орын)
LC Waikiki – 828 млн долл. (7-ші орын)
Garanti BBVA – 721 млн долл. (8-ші орын)
Yeni Rakı – 590 млн долл. (9-шы орын)
Vakıfbank – 386 млн долл. (10-шы орын)
2023 жылы ұлттық маркіге айналған Togg электрмен жүретін көлік бренді 179 млн доллармен 20-шы орыннан көрінген.
Тізімдегі жаңа брендтер
Биыл 24 бренд қатарды толықтырған: Altınkılıç, Astor Enerji, Big Chefs, Bilkom, Bizim, Çelik Motor, Doğan Trend, Efor Çay, Eker, Eksun, Gezinomi, Hedef Filo, Hepsiburada, Mobiltel, Oba Makarna, Penta, Reeder, Sasa, Suwen, TV8, Trendyol, VBT Yazılım, VDF Filo және Yiğit Akü.
Түркиядағы Brand Finance директоры Мұхтарым Ілгүнер тізімдегі барлық 125 брендтің жиынтық капиталы 17 миллиард долларға жетіп, өткен жылғыға (14,7 млрд долл.) қарағанда 15,6 пайызға артқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, тізімге бағдарламалық жасақтама секторы да кіретінін жеткізді. Бұл өзгеріс түрік экономикасының трансформацияға ұшырағанын көрсетеді. Бұл айтылғандардан бөлек, әлем мойындаған ASELSAN және TUSAŞ қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің брендтері жылдам дамып келеді.




