|
Түркияның "Kizilelma" ұшқышсыз әскери ұшағы алғашқы рейсін жасады (видео)
|
Түрік компаниясы Baykar мамандары құрастырған жасырын ұшқышсыз Kizilelma ұшағы алғашқы ұшуын орындады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш компанияның техникалық директоры Селжүк Байрақтардың Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу сәті мен қонған кезі таспаға тартылған. Ұшқышсыз жойғыш ұшақ басқарылатын «әуе-әуе» зымырандарын тасымалдай алады және басқарылатын ұшақтармен бірге жұмыс істей алады. Kizilelma-ның максималды жылдамдығы сағатына 800 шақырымға жетеді, 1,5 тоннаға дейін жүк алып жүре алады. Дрон бес сағатқа дейін әуеде бола алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді