|
Түркияның премьер-министрі сайланды
|
«INTERFAX.RU» порталының "Associated Press» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда, билік басындағы әділет және даму партиясының делегаттары жексенбіде Бинали Йылдырымды премьер-министрлікке сайлаған. Ол отставкіге кеткен Ахмет Дәуітоғлының орнын басты. 60 жастағы Бинали Йылдырым Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жақын адамы саналады. Аталған партия құрылтайы өткен соң ел президенті жаңадан сайланған премьер-министрге үкімет құрамын жасақтауды тапсырады. Айта кетейік, Түркияның саяси дәстүріне сәйкес билік басындағы партияның жетекшісі автоматты түрде ел премьері болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді