Түркияның тоқыма өнеркәсібі
Түркияның тоқыма өнеркәсібі
9 ай бұрын 1453 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның сауда -саттық министрі Өмір Болат түріктер тоқымасы бүгінде әлемдік брендке айналғанын әрі тоқыма және дайын киім саласындағы экспорттың 4%-на жеткенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия өнеркәсібі тоқыма өнімдері бойынша әлемде 6-шы орында және тоқыма өнімдерімен әрі киім-кешекпен жабдықтаушы  ретінде Еуропалық одақта 3-ші орында тұр. Өткен жылы Түркияның тоқыма өнімдерінің экспорты 32,1 миллиард доллардан асты, ал ілеспе тауарларды ескергенде бұл сан 36 миллиард долларға жақындап қалды. Бүгінгі таңда тоқыма секторы 1,1 млн адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұдан бөлек, 70 мыңдай кәсіпорын осы салада жұмыс істейді, яғни, Түркиядағы күллі жұмысшы күшіне шаққанда аталған сектордағы жұмысшылар үлесі 7%-дыы құрайды. Түркия билігі тоқыма өнеркәсібіне барынша қолдау көрсетуде. Соның ішінде UR-GE, Turquality секілді бағдарламалар қабылдап, гранттар бөлуде. Бұған қоса, халықаралық көрмелерге қатысуына жағдай жасап келеді. Осылайша түрік тоқымасын әлемге паше ту әрі насихаттау арқылы экспортын арттыруды және жұмыс орындарын көбейтуді көздейді.

0 пікір
Мұрағат