|
Түркменстан доллардан бас тартты
|
Түрікменстан билігі америкалық валютаның айналымына шектеу енгізді, - деп хабарлайды HabarTm.
Басылымның мәліметінше, бұл елдің азаматтары банктерден енді доллар сатып ала алмайды. Сонымен қатар, базарларда долларды заңсыз айырбастауға да тыйым салынды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ақшаны заңсыз айырбастағандарды полиция бөлімшесіне әкетеді.
Түрікменстан аумағында доллар енді айналымда болмайды. Ал шетелге шыққысы келетіндерге қаржы институттары Сыртқы экономбанктен Visa картасын ашуды ұсынды. Картаға ақша манат валютасымен салынады, ал шетелде оны доллармен шешіп алуға болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр