Түсік жасатқысы келетін әйелге алдымен наным-сеніміне қарай дін қызметкерімен сөйлесуді міндеттейтін ережесі бар емханалар қай елде
Түсік жасатқысы келетін әйелге алдымен наным-сеніміне қарай дін қызметкерімен сөйлесуді міндеттейтін ережесі бар емханалар қай елде
2 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Свердлов облысында ерекше бастама көтерілді  - түсік жасатқысы келетін аяғы ауыр әйелге алдымен священникпен немесе имаммен және психологпен сөйлесуі тиіс. Бұл мемлекеттік медициналық мекемелерде міндетті процедуралардың біріне айналған. Бұл жайында islam.kz порталы Ленте. Ру ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай міндетті процедура тек Свердлов облысында ғана емес, Ресейдіғң Орал өңірінде де бар. Аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі мұндай шара түсік жасатар алдындағы кеңестерге жатады. Егер жүкті әйел түсік жасату үшін мемлекеттік медициналық мекемені таңдаса, онда бұл ереже талаптарымен келіскенін білдіреді. Алдымен түсік жасатпас бұрын ойлануға бес күн мұрсат беріледі. Асығыстан ағат шешім қабылдамауы үшін. 

0 пікір
Мұрағат