Тұтас мемлекет Пайғамбардың туған күнінің құрметіне бір күнді демалыс деп жарияламақ
Тұтас мемлекет Пайғамбардың туған күнінің құрметіне бір күнді демалыс деп жарияламақ
3 ай бұрын 928 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туған күніне орай ққыркүйек айының 5-і күнін демалыс деп жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жарлық тек мемлекеттік секторға ғана емес, сонымен қатар, жекеменшік компанияларға да қатысты. Исі мұсылман мерекелейтін мәуліт ислам ай күнтізбесі бойынша Рәбиуул айының 12-не тұспа-тұс келеді. Мұсылмандар үшін қастерлі күннің ресми демалыс (жексенбі, сенбі) күндерімен тұспа-тұс келуіне байланысты ел тұрғындары үш күн қатанынан демалатын болады. БАӘ-нің астрономиялық орталығы Сапар айының 30 күнге созылғанын, ал жаңа айдың дүйсенбіде, яғни, тамыздың 25+і күні басталғанын растады. Осылайша, Рәбиуулдің 12-ші күні қыркүйектің 5-не тура келеді. Биыл сирек жағдай орын алды: Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері мерекені түрлі күндері атап өтеді, себебі, королдікте ай орағы бір тәулік бұрын байқалған.Ислам күнтізбесі ай цикілдеріне негізделген; әр жаңа ай жаңа ай орағы пайда болғаннан басталады. БАӘ-де арнайы комитет әр айдың 29-ы күні жиналып, келесі айдың келгенін ресми растап отырады.

0 пікір
Мұрағат